• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Футбол 18 Маусым, 2023

Еуро-2024: Қазақстан іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландиямен ойнайды

2030 рет
көрсетілді

Маусымның 19-нан 20-сына қараған түні Белфастта футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Солтүстік Ирландия мен Қазақстан құрамалары арасында матч өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Ирландия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады. Басталуы Астана уақыты бойынша 00:35-те.

Еуро-2024 іріктеу кезеңінде үш ойын өткізген Қазақстан құрамасының қоржынында алты ұпай бар. Магомед Адиевтің шәкірттері турнирдегі ойынын сәтсіз бастады, Словениядан ұтылды (1:2), бірақ кейін сенсациялық түрде Дания құрамасын (3:2) жеңіп, Сан-Марино командасын да (3:0) жеңді.

Солтүстік Ирландия құрамасына келсек, үш ойыннан кейін үш ұпайы бар. Солтүстік ирландиялықтар да Сан-Мариноны жеңді (2:0), бірақ Финляндия (0:1) мен Даниядан (0:1) ұтылды.