• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 18 Маусым, 2023

Өрісі кең отбасылық ансамбльдер

296 рет
көрсетілді

Қазалыдағы Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында күйші, қобызшы, музыкант Махамбет және Романқұл Әуезовтер атындағы «Қастерлеп жүрсін өнеріңді ұрпағың» атты республикалық дәстүрлі отбасылық ансамбльдер байқауы өтті.

Тараз, Атырау, Ақтөбе қалалары мен Арал, Шиелі, Сырдария аудандарынан келген халықтық отбасылық ансамбльдер мүшелері алдымен «Әуезовтер» халықтық отбасылық ансамблінің 45 жылдығына арналған көрмемен танысты. Байқаудың ашылу салтанатында аудан әкімінің міндетін атқарушы Күнтілес Назымбеков қатысу­шыларға сәттілік тіледі. Ұжымның аймақ­тағы өнер көшіне қосылғанының 45 жылдығына орай жарық көрген «Өнерімен өркендеген әулет» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Ансамбльдер өнеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, күйші-қобызшы Арман Әуез, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері Сәукен Әліш, Қазанғап атындағы жоғары музыкалық колледж оқытушысы Төлеген Кәденов, Шымкент саз колледжінің оқыту­шы­сы, белгілі музыкант Космонавт Аюбаев, білім саласының ардагері, қобызшы Ерпазыл Жүсіп қазылық етті.

Ауданда өткен байқаудың бас жүлдесі Ақ­төбе қаласынан келген «Шашу» халықтық отба­сылық ансамбліне бұйырды. Бірінші орынды сырдариялық Сәдуақасовтар, екінші орынды Атырау қаласынан келген Қара­ба­линдер, үшінші орынды Тараз қаласынан қатыс­қан Жаңабаевтар халықтық отбасылық ансамблі иеленді. Арнайы жүлде Арал ауданынан келген Қадырқұловтар отбасына табысталды.

 

Қызылорда