• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Таным 20 Маусым, 2023

«Күлдірмамай» мылтығы туралы не білесіз?

612 рет
көрсетілді

Күлдірмамай – ауызынан оқталып, пілте арқылы от алатын ескі мылтықтың атауы. Жауға қарсы шыққан кезде батырларымыз осы мылтықтың түрін қолданған. 

«Күлдірмамайдың ұң­ғысы ұзын келеді. Алысқа ату­ға­ арналған мылтық. Аузынан оқта­лып, пілте арқылы от алады. Күлдір­ма­майдың атар кезде жерге тіреп қоя­тын­ жинамалы сирағы болады. Ел аузын­да Кенесары Ақмола бекінісін қо­р­шаған кезде қаланың сыртында тұ­рып осы күлдірмамай мыл­тық­­пен қамал­дағы зеңбірекшіні атып түсір­ген де­ген сөз бар. Кене ханның мыл­тығы қа­зір Омбының өлкелік тарихи-әдеби мұра­жайында сақтаулы тұр. Бұл мыл­тық­тың көшірмесін қолөнер шебері Та­ңат Әлібаев жасап шығарды», дейді ақын­ Батырлан Сағынтаев.

Сондай-ақ «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Нұрқанат Құлабаевтың «Жаудың құтын қашырған күлдірмамай» атты материалында жазылғандай, бұл мылтық қазір Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде тұр.