Жетісай ауданының полицейлері жергілікті тұрғындардың бірі құрамында есірткісі бар өсімдіктерді егіп өсіретіндігі туралы хабарлама алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті полицейлер күдіктінің тұрғылықты жеріне барып, тінту жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде ер адам өз ауласында 3 мың түп есірткіге ұқсас өсімдік еккені анықталды. Тағайындалған сараптаманың қорытындысы бойынша тәркіленген өсімдік көкнәр болып шықты.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.