• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнім 22 Маусым, 2023

Аралдықтардың алғашқы өнімі

306 рет
көрсетілді

Қызылорда облысындағы жеті ауданның ішінде күріш екпейтін аймақ – Арал ­ауданы. Негізінен балық, мал шаруашылығымен айналысатын Сырдария­ның теңізге құяр тұсындағы өңір тұрғындары жер несібесіне кейінгі жылдары ғана бет бұрып келеді. Биыл мұнда 87 гектар көкөніс, 342 гектарға бау-бақша дақылда­рын егу межеленген.

Қосжар ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Елтай Төреханов тамшылатып суару әдісі арқылы 2 гектарға қияр, 1,5 гектар алқапқа қызанақ, 14 гектарға қауын-қарбыз егіпті. Қазір күніне қияр­дан 150-200 кило өнім алып отыр. Өнім ауылдағы азық-түлік дүкендерінде 200 теңгеден сатылымға шығарылды. Ал өзге аймақтардағы базар сөрелеріне 350 тең­ге­ден жіберіледі. Жақын арада қарбыз бен қызанақ та пісіп, сауда сөресіне түседі.

Ал Сексеуіл кентінде Ахметжан Боханов 240 шаршы метрлік жылыжай салып, голландиялық қиярдың бірнеше сортын өсіреді. Мемлекет тарапынан қол­дау көріп, қайтарымсыз грант алған кәсіп­кер жылыжайдан бөлек 7 гектарға қауын-қарбыз егіпті.

Осылайша, жергілікті кәсіпкерлер мен өңірдегі ірі сауда орындары мен шағын дүкендерге нарықтағы бағадан едәуір арзан өнім жеткізіп, бағаны тұрақтандыруға өз үлесін қосып отыр.

 

Қызылорда облысы