• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Маусым, 2023

Елордада бірнеше көше уақытша жабылады

233 рет
көрсетілді

Астана қаласында орташа жөндеу және тұрғын үйлерді орталық жылумен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше көше уақытша жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz  Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Қордай көшесінде орташа жөндеу жұмысын бастайды.

«Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 22-25 маусым аралығында Қордай көшесінің Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Тұран даңғылында орташа жөндеу жұмысы жүргізілетіні белгілі болды:

21 маусым сағат 21:00-ден 22 маусым сағат 12:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Қорғалжын тасжолының қиылысында көлік қозғалысы тоқтайды;

22 маусым күні сағат 21:00-ден 23 маусым күні сағат 12:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

«Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Сұлукөл көшесіндегі тұрғын үйлерді орталық жылумен қамтамасыз ету мақсатында қаланың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы Шұғыла көшесіндегі жылу трассасын салу жобасы аясында жұмыс жүргізіліп жатыр», деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы себептерге байланысты 22 маусымнан 15 шілдеге дейін Шұғыла көшесінің Н.Тілендиев даңғылынан Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскелері кезең-кезеңмен ішінара жабылады.

Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарына  қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға алдын ала кеңес береді.