• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 25 Маусым, 2023

Алматыда қамыс өртеніп жатыр

205 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Іле-Балқаш резерватының аумағында 150 га алаң жанып жатыр. Өрттің жалпы аумағы шамамен 6200 га, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлік өрттің сөндіріліп жатқанын айтты.

«ТЖД және «Іле-Балқаш» МТР» РММ күштерімен қолмен жұмыс істейтін шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу тәртіппен солтүстік-батыс жағында 6-кварталда алдын ала болжам бойынша 150 га алаңда сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау үшін Орман шаруашылығы күштерімен жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ», делінген хабарламада.

Метеорологиялық жағдай: күн ашық, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +24 С, солтүстік бағытта соққан желдің жылдамдығы 2 м/с.