• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Маусым, 2023

Шетелдік көліктерді тіркеу аяқталады

1778 рет
көрсетілді

Елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастырудың аяқталуына санаулы күндер қалды. Бүгінде ол қалай жүріп жатыр? Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өткізген брифингте Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Алтынбек Жамалиев айтып берді.

Оның айтуынша, көліктерді заңдастыру аяқталады деген­ кез­де ғана ел тұрғындары маман­дан­ды­рыл­ған халыққа қызмет көрсету орта­лықтарына жаппай лап қойып, көлік­терін тіркетіп жатқан жайы бар. Әсіресе мұндай жағдайлар Алматы, Астана және Шымкент секіл­ді үлкен қалаларда қатты бай­қа­­лып жатыр.

– Біз шетелдік көліктерді тірке­мей жүрген азаматтардың ең соң­ғы күндері қимылдайтынын алдын ала білдік. Соны ескере оты­рып халыққа қызмет көрсету орта­лық­та­рының жұмыс уақытын ұзарттық. Олар жұмыс күндері кешкі 7 жа­рым­ға дейін құжат қабылдаса, дайын құжаттарды 8 жарымға дейін береді. Соған қарамастан халықтың көптігінен жұмыс өте қауырт. Себебі криминалистика­ қыз­меткерлерінің көліктерді тек­се­руі біраз уақыт алады, – деді ІІМ өкілі.

Оның айтуынша, көліктерді тіркеуге құжат қабылдау 1 шілдеге дейін жалғасады. Соған дейін үлгерген адамдардың өтініштері одан әрі де қарала береді. Яғни 1 шілдеге дейін құжаттарды қабылдау ғана жүргізілсе, одан кейін тіркеу басталады.

– Осы күнгей дейін 177 мыңнан астам автокөлік тіркелді. Соның ішін­де соңғы 10 күннің ішінде 10 мыңнан астам көлік тіркеліп үл­гер­ді. Біздің есебімізше, әлі де тіркеуге рұқсат алған 13 мыңнан аса көлік бар, – деді Алтынбек Жамалиев.