• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Есірткі 26 Маусым, 2023

«Қарасора» операциясы

330 рет
көрсетілді

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде қарасораны өсіруге, дайындауға тосқауыл қою мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесуге бағытталған «Қарасора» арнайы операциясы жалғасып жатыр.

Өткен аптада ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері заңсыз айналымнан 1 940 келіден астам есірткіні тәркіледі. Мәселен, Ақмола облысында аумақтық полиция департаментімен бірлесіп, Астана, Көкшетау және Қарағандыда каннабис тобының есірткілерін сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Топ 11 адамнан тұрған, олардың арасында бір кәмелетке толмаған бала да бар.

Ал Қызылорда облысының Шиелі ауданында апиын көкнәрін өсіруді ұйымдастырған жергілікті тұрғын ұсталды. Бір гектар жерге қылмыскер 2 377 көкнәр бұтасын отырғызған. Құрамында есірткі бар өсімдіктердің жалпы салмағы шамамен 300 килоны құрады. Тінту барысында плантацияда үш келі кептірілген марихуа­на тәркіленді.

Сондай-ақ Жамбыл облысында да қарасора өсіру фактісі анықталды. Полицейлер ауданы 1 га жерге қарасора өсіру фактісінің жолын кесті. Құрамында бір жарым тоннадан астам есірткі бар өсімдік заңсыз айналымға жіберілмеді.

Таразда біздің елде уақытша тұра­тын шетелдік азаматтың қарасора өсіру әрекетінің жолы кесілді. Оның пайдалануға дайын төрт қарасора бұтасы мен 100 грамнан астам марихуа­на тәркіленді.

«Қарасора» арнайы операциясы басталғалы өткен айда полицейлер 237 қылмысты анықтады, оның ішінде 88 өткізу фактісі, 35 аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз сақтау фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 88 фак­ті­сі тіркелді. Бес есірткі зертханасы жойыл­ды. Заңсыз айналымнан үш тонна­дан астам есірткі тәркіленсе, оның ішінде екі тоннадан астам марихуана, 300 кг апиын­ көкнары, 29 кг гашиш, 4 кг син­­тетика және шамамен 1 кг героин бар.