• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Білім 26 Маусым, 2023

Қазақстан-Германия Ғылым және технология институты ашылады

226 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің қатысуымен өткен Қазақ­стан-Германия университеттері ректорларының форумы аясында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Қазақстан-Германия университеті металлургия және тау-кен ісі саласында Ғылым және технология институтын ашу туралы келісім жасады.

Келісім бойынша металлургия және пайдалы қазбаларды өндіру саласында Ғылым және технологиялар институты құрылып, инженерия саласындағы үздік неміс ғалымдарының тәжірибесі елімізде қолға алынады.

Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақ­стан өңірін өркендету, әл-ауқа­тын арттыру және орнықты дамуын жүзеге асыру үшін зерттеулер, білім және инновация «білім үштігіне» негізделген платформа құру.

«Ғылым және жоғары білім сала­сын­дағы саясат білім мен ғылымды интер­­националдандыруды кеңейтуге, тұ­­рақ­ты және тиімді байланыстарды қа­лып­­тастыруға бағытталған. Ынты­мақ­тас­тық негізі үш түрлі бағытта жүргізіледі. Біріншісі – білім беру. Бұл металлургия, машина жасау, геология және тау-кен ісі, пайдалы қазбаларды байыту, тұрақты даму бағыттары бойынша екі дипломды және бірлескен кадрлар даярлау. Екінші бағыт – металлургия және материалтану, геодезия, геология және тау-кен ісі, тұрақты даму саласындағы бірлескен зерт­теулер. Үшінші бағыт – инновациялар, ғылым мен өндірістің инновациялық кластерін, бірлескен ғылыми жобалар, бизнес-инкубатор құру және стартап жобаларды іске қосу. Эксперименттік өндірістер мен қанатқақты желілерді құру», деп түсіндірді Д.Серікбаев атын­дағы ШҚТУ басқарма төрағасы, ректор Сәуле Рахметуллина.

Металлургия және пайдалы қазбаларды өндіру саласында жаңа институттың құрылуы ел ғылымы мен технологияларын дамытудағы, сондай-ақ екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болып отыр.

 

Шығыс Қазақстан облысы