Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осылайша, «Азимут» әуе компаниясы 2023 жылғы 28 маусымнан бастап Алматы – Сочи бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды. Тасымалдау «Sukhoi Superjet-95» типті әуе кемелерінде бейсенбі күндері аптасына 1 рейс жиілігімен орындалады.
Әуе қатынасының қайта жандануы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.