Түпқараған аудандық білім бөліміне қарасты мемлекеттік балабақшалардың бірі 32,1 млн теңгеге 3 дана принтер сатып алуды жоспарлаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өңірде мемлекеттік сатып алуларды тиімсіз жоспарлайтын мекемелер бар. Бір ғана мысал, Түпқараған аудандық білім бөліміне қарасты мемлекеттік балабақшалардың бірі 32,1 млн теңгеге 3 дана принтер сатып алуды жоспарлаған. Яғни, принтердің бір данасын 10,7 млн теңгеден сатып алуды көздеген. Алайда, жоғарыда көрсетілген тауардың нарықтағы құны 100 мың теңгені құрайтыны анықталды. Департаментпен енгізілген ұсыным хаттың негізінде мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып, 31 млн теңге қаражат үнемделді», деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің хабарлауынша, жыл басынан бері 1,2 млрд теңге көлеміндегі мемлекет қаржысы үнемделді.