• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 30 Маусым, 2023

1 шілдеге арналған ауа райы болжамы

347 рет
көрсетілді

1 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» синоптиктерінің хабарлауынша, 1 шілдеде республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, яғни республикада найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек елдің солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Республиканың басым бөлігінде желдің күшеюі сақталады, республиканың батысында бұршақ жауып, көктайғақ болады, солтүстікте, түнде және таңертең Қазақстанның орталығында тұман түседі, күндіз оңтүстікте шаңды дауыл соғады», деп ескертті синоптиктер.

Астанада синоптиктердің болжауынша, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +27...+29°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Түнде +15...+17°С, күндіз +29...+31°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-10 м/с жел соғады. Түнде +18...+20°С, күндіз +35...+37°С.