«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
1 шілдеде Алматы мен Астанада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.