Астанада орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Айнакөл және Мәскеу көшелерінің кей учаскелерінде көлік қозғалысы толығымен жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты:
3-5 шілде аралығында Мәскеу көшесінің Бекетай көшесінен Потанин көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылады;
3-4 шілде аралығында Айнакөл көшесі бойынша М. Төлебаев көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі жол жабылды.
Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.