• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Шілде, 2023

Алматы маңында екі рет жер сілкінді

299 рет
көрсетілді

Өткен түнде Қазақстан аумағында Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 83 шақырым жерде екі рет жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірінші жер сілкінісі 4 шілде күні сағат 19:26-да тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.2. MPV магнитудасы 3,8. Эпицентр координаттары 43,30° солтүстік 77,93° E. Зілзала ошағы 15 км тереңдікте орналасқан.

Ал екіншісі 4 шілде сағат 19:48-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 83 шақырым жерде орналасқан. Зілзаланың энергетикалық класы 9.1. MPV магнитудасы 4,3. Эпицентр координаттары 43,30° солтүстік 77,93° E. Тереңдігі 15 км. 

Бұған дейін сейсмологтар жер сілкінісін Алматыдан 580 шақырым жерде тіркеген болатын.