Оқиға 09 Шілде, 2023

ШҚО-да жол апатынан 6 жасар бала көз жұмды

285 рет
көрсетілді

9 шілде күні сағат 11:50 шамасында Омбы – Майқапшағай тасжолының 1247-шақырымында Кенсай және Жарсу ауылдарының қиылысында болған жол апатынан 6 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тағы бір жол апаты 13:30 шамасында Өскемен - Рахман қайнарлары тас жолының 53 шақырымында болып, салдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше жолаушы дене жарақатын алды.

Екі дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.