«Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Бекетай көшесінен Г.Потанин көшесіне дейінгі учаскедегі Мәскеу көшесі бойында жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі», делінген хабарламада.
Осыған байланысты 10-11 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектеледі.Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.