Алматы полициясы есірткі дайындаумен айналысқан үш күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Polisia.kz жазуынша, бас айыпталушының көлігін полиция қызметкерлері Жандосов көшесінде бөгеді. 30 жастағы Е. есімді азаматтың көлігінен ерекше иісі бар кристалданған зат салынған сөмке табылды.
«Ұсталған азамат өзінен тәркіленген зат мефедрон есірткі заты екенін айтты. Ер адамның айтуынша, ол бұл есірткіні достарымен бірге синтетикалық есірткі өндіру үшін ұйымдастырған уақытша зертханада жасаған. Зертхана Алматы облысы, Іле ауданы аумағындағы жалдамалы үйде орналасқан. Ғимаратты тінту кезінде зертханалық құрал-жабдықтар, шикізат пен сатуға дайын өнімдер табылып, тәркіленді», деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Жедел деректерге сәйкес, өндірушілер есірткіні өздері таратқан. Тағы екі күдікті – 28 жастағы М. есімді азамат пен 29 жастағы С. есімді азамат есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен полицияның арнайы жасақтарының қызметкерлері жасаған арнайы іс-шара кезінде болды.
Күдіктілер қамауға алынды.
Қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі тергеп жатыр. Сот-химиялық сараптама тағайындалды.