• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Шілде, 2023

Ақтөбе облысында жол апатынан екі жүргізуші қайтыс болды

381 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында жол апаты болып, екі жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға бүгін сағат 12:30-да Ақтөбе-Орынбор автожолының 20 шақырымында болды. Анықталғандай, ВАЗ-2111 және ВАЗ-2115 автокөліктері соқтығысып қалды.

Жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушілері оқиға орнында жан тапсырды. Тағы үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.