• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Шілде, 2023

Алматыда көшеге қоқыс лақтырғандар айыппұл төледі

329 рет
көрсетілді

Алматы тұрғындары жыл басынан бері қоғамдық орындарға қоқыс тастауға қатысты ұсақ құқық бұзушылықтар үшін 91 миллион теңгеден астам айыппұл төледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» орнату бойынша жұмыс істеп жатыр.

«Біз бұл салаға ерекше мән береміз, өйткені қоқыс тастау, жол қозғалысы ережелерін бұзу және басқа да заңсыз көріністер болсын, ұсақ құқық бұзушылықтар үшін жазаланбау азаматтардың болашақта аса ауыр әрекет немесе қылмыс жасауына әкеледі», деп түсіндірді Алматы қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.

Алматы полициясы ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабына сәйкес қоғамдық орындарды ластау бойынша 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылатынын еске салды. Алматыда жыл басынан бері аталған әкімшілік бап бойынша 5370 құқық бұзушылық анықталып, айыппұлдың жалпы сомасы 91 миллион теңгеден асты.