Испаниялық теннисші Карлос Алькарас Уимблдон турнирінің ширек финалында әлемнің 5-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунені жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
2 сағат 23 минутқа созылған ойын 7:6 (7:3), 6:4, 6:4 есебімен аяқталды.
Алькарас 4 рет эйс жасап, екі қос қателік жасады, сондай-ақ үш брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Ал Руне екі эйс пен төрт қос қателік жасады және ешбір брейк-пойнтты өз есебіне жаза алмады.
Енді Карлос Алькарас ресейлік теннисші Даниил Медведевпен ойнайды.