• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Шілде, 2023

Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі барлық қарызды өз есебінен жабады

280 рет
көрсетілді

14 шілдеде ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Шығыс Қазақстан облысына барып, Риддер ЖЭО-ның жаңа иесімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі Әміржан Нәбиев барлық қарызды өз қаражаты есебінен жабуға уәде берді», деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінде Риддер ЖЭО-ның жалпы қарызы - 5,5 млрд теңге.

«Министрлік тарапынан біз де қарыз мәселесін бақылауға аламыз», деді Алмасадам Сәтқалиев.

Энергетика министрі Риддер ЖЭО-дағы жөндеу науқанының барысына егжей-тегжейлі тоқталды.

Қаржы министрлігімен және облыс әкімдігімен бірлесіп, үкімет резервінен қаражат бөлу тетігі әзірленді. Жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама алынды. Жөндеудің жалпы сомасы 8,3 млрд теңге болды. Риддер ЖЭО-дағы жөндеуге сегіз мердігер ұйым жұмылдырылды.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, Риддер ЖЭО-дағы жұмысты жылу беру маусымы басталғанға дейін кесте бойынша аяқтау жоспарланып отыр.

18 маусымда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев облыс бойынша алғашқы сапарын өңірдегі маңызды нысандардың бірі – «Риддер ЖЭО» АҚ-да бастап, жылу басқармасымен кеңес өткізді.