• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Шілде, 2023

Өрт ережелерін бұзған адамдарды дрон анықтайды

287 рет
көрсетілді

Қосымша тепловизор құрылғысы Алматының таулы-орманды жерлерінде от жағу орындарын сондай-ақ өрт ережелерін бұзушыларды жедел анықтап, оқиға орнына мобильді топтар жіберіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол жергілікті таулы жерлерде демалушылар жаппай жиналған  кезде іске қосылады.

Айта кетсек, ұлттық саябақтың орманды алқабы мен ерекше ландшафты өртті сөндіру жұмыстарын  едәуір күрделендіреді.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарында ұшудың максималды жылдамдығы - бір сағатта 80 км дейін және оның бірнеше жұмыс режимі бар.

Заманауи құрылғы көлденеңінен 8 км-ге дейінгі қашықтыққа ұшып, теңіз деңгейінен 6000 м биіктікке көтеріле алады, ауаьрайына және тәулік уақытына қарамастан, жылу анықтау камерасымен жабдықталған дрондармен тауда жоғалып кеткен адамдарды  тез табуға болады.

Бұл  заманауи құрылғы зардап шеккен адамдарға дәрі-дәрмектерді жеткізуді және құтқару тобын оқиға орнына қауіпсіз алып жүруді қамтамасыз етеді. Мониторингілеу  жұмыстары 3 дронмен іске асады.

Бүгінгі таңда  таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін тауларда 160 от жағу жағдайларына  жол берілмеді. Жалпы сомасы 5 млн теңгеден асатын 92 жеке тұлға жауапкершілікке тартылды.