• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Денсаулық 19 Шілде, 2023

Бір донор 4 адамның өмірін сақтап қалды

338 рет
көрсетілді

Алматыда қайтыс болған 53 жастағы әйел төрт адамға донор болды. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жас жігітке жүрек трансплантациясы жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Ол екінші рет мидың өліміне әкеп соқтырған ишемиялық инсультқа шалдыққан. Донор Алматыдағы №4 ауруханада қайтыс болған.

«Туыстары ағзасын алуға 13 шілдеде келісім беріп, марқұмның жүрегі 23 жасар жігіттің өмірін сақтап қалды. Бұған дейін екі рет ота жасалынған жас жігітке жалғыз жол  - жүрек ауыстыру еді. Енді операциядан соң пациенттің сапалы және ұзақ өмір сүруіне мүмкіндігі бар», дейді кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев.

Жүрек транцплантациясы жасалған ота Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықпен бірлесіп, еліміздің жетекші кардиохирургы Юрий Пяның тікелей басшылығымен жасалған.

«Алғаш рет Алматыда жүректі алмастыру отасы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық мамандарының қолдауы мен Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ командасының үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды», деді ол.

Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Марат Шорановтың айтуынша, қайтыс болған әйелдің жүрегінен басқа бауыры мен екі бүйрегі де алынып, кезекте тұрған науқастарға трансплантация жасалған, яғни, марқұм әйел төрт адамның өмірін аман алып қалды.