• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Шілде, 2023

Астанада 30-дан астам тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады

179 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған нысандар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралауды ары қарай да жалғастырамыз. «Қорғалжын кварталы», «Мирный дом», «Араби 2 – Гранитный 2», «Зере-2», «Арыстан», «Future Home», «Садовые кварталы», «Территория комфорта-1 2-кезек» тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездестім. Үлескерлермен бірге құрылыс барысын бақылауда ұстаймыз.

Құрылысы ұзаққа созылған ғимараттардың жағдайы әртүрлі. Бір жерінде үйдің тек жақтауы ғана бар болса, енді бір тұсында тек қазаншұңқыры ғана қазылған. Мәселен, «Арыстан» тұрғын үй кешенінің құрылысы 11 жыл бұрын басталған. Ал нысанды өткізу кезінде тек 20-30%-ы ғана дайын еді. «Садовые кварталы» тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын проблемалы деп танылса, нысанды өткізу кезінде іргетасы ғана болатын! Мыңдаған үлескер отбасы баспанасын күтіп жүр», деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Әкімнің жазуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша ауқымды жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Әр үй бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30 тұрғын үй кешенін аяқтау жоспарда бар. Бұл – шамамен 4 мың үлескер отбасы. Олардың бір бөлігі аяқталды.

«Үлескерлер кездесулерде абаттандыру, инженерлік желілер салу және т.б. мәселелерді көтереді. Біз өз тарапымыздан мердігерлерге барынша көмек көрсетеміз. Дегенмен олардың үлескерлерді жалған уәдемен үміттендіруіне жол бермейміз.

Біздің міндетіміз – ұзақ құрылыстарды аяқтау және үлескерлерге пәтер кілтін тапсыру», деп жазды қала әкімі.