Алматының Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында бірқатар сектордың тұтынушыларына электр энергиясы бір сағат ішінде берілді.
Сәтбаев – Қонаев – Төле би – Сейфуллин көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттардың электр қуатының үзілуі ПС-58А қосалқы станциясының жұмысындағы ақауға байланысты болды.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары штаттан тыс жағдай ПС-58А қосалқы станциясын қоректендіретін кабельдік желінің механикалық зақымдануынан болғанын айтты.