Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 21 шілдеде сағат 15:50-де өрт сөндірушілер Алатау ауданы, Басар қобыз көшесіннің бойында өртеніп жатқа шөпті сөндірді. Өрттің таралу қаупі болмады.
«Ыстық құрғақ ауа-райына байланысты өрт қаупі ұлғаюда, сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарын ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден бас тартуды сұраймыз. Ауыр зардаптар туындаған жағдайда кінәлі адамдар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Автокөлік жүргізушілерін темекі тұқылдарын жол бойында тастамауға шақырамыз», - деп ескертті Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті.