• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Еңбек 23 Шілде, 2023

Кран тізгініндегі келіншек

250 рет
көрсетілді

Түркістанда 44 жасар Пакиза Маматованың кран тізгіндегеніне 17 жылдан асқан. Жерден 70 метр биікте тұрған техникаға ол күн сайын өрмелеп шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Краншылардың отбасына келін боп түскен оған зор техниканың қыр-сырын күйеуі үйреткен, қайын атасы қолдаған. Өзі де құштар боп, кран тізгіндеуді 4-ақ айдың ішінде толық меңгерген.

Мұнаралы кран операторы Пакиза Маматова осы күнге дейін көптеген  құрылыс нысандарын салуға үлес қосқандығын мақтаныш тұтады.

70 метрлік кранды басқару оған қиынға соқпаса керек, өйткені, оның алғаш тізгіндеген краны 100 метр биікте болған екен.