Алматыда 24-26 шілде аралығында жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» мамандары мәлім еткендей, 24-26 шілде аралығында Алматыда сынап бағанасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Күн қатты ыстық болуы ықтимал. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қалада өрт қауіпі сақталатынын мәлімдеді. Осыған байланысты ведомство төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- Тауға демалуға барған жағдайда тұтанған темекі қалдықтарын тастамаңыз;
- Бір желіге бірнеше электр құрылғыны қоспаңыз, өйткені электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін;
- Балаларды көліктің ішіне аз уақытқа болса да қалдыруға болмайды;
- Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз.
Өрт қауіпті кезеңде Алматы қаласы ТЖД алдын алу шараларын күшейтті.
«Таулы-орманды жерлерде өрттің алдын алу мақсатында бекітілген патрульдеу кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндері орман шаруашылығы мекемелері мен ЖПҚ өкілдерімен бірлескен рейдтік іс-шара өткізеді», деп хабарлады департаменттен.