• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Шілде, 2023

Астанада лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтеді

163 рет
көрсетілді

27-28 шілде аралығында  елордада лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штаб жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының лаңкестік көріністерге жедел ден қою тапсырмаларын орындауға дайындығын тексеру.

«Шектеу шараларын енгізу, оның ішінде жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының қозғалысына да назар аударылады. Оқу-жаттығу әртүрлі күрделілік элементтері бар нақты ұрыс жағдайларына барынша жақын болмақ», деді Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабының өкілдері.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі елордалық жедел штаб жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларын түсінуге, қауіпсіздік шараларын сақтауға, тартылған мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырады.