• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Шілде, 2023

Ресейдің Қазақстанмен шекарасында тікұшақ өртеніп, 6 адам көз жұмды

315 рет
көрсетілді

Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, тікұшақ бортында 13 жолаушы болған, деп жазады Egemen.kz.

Ми-8 тікұшағы Қазақстанмен шекарада орналасқан Алтай Республикасы, Көксу ауданы Тыңғыр елді мекенінде қонып, өртеніп кетті.

Бұл туралы Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Алтай Республикасы бойынша Бас басқармасының Telegram-арнасы хабарлаған.

«Оқиға орнында өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Қосымша ақпарат анықталып жатыр», делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, тікұшақ электр сымдарына тиген.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, Ми-8 бортында 13 адам болған. Оның алтауы көз жұмған.

Соңғы жаңалықтар