ВАЗ-21099-дың 22 жасар жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Онда үш жолаушы болған, арасында жүкті әйел бар.
Соқтығысқан аталмыш екі көліктің жүргізушілері алған жарақаттарынан қайтыс болды. Түрлі жарақаттар алған үш жолаушы ауруханаға жеткізілген.
ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі.