• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Тамыз, 2023

Белгілі геолог пен оның екі баласы жол апатынан көз жұмды

578 рет
көрсетілді

Қайғылы хабарды ҚР ИИДМ Геология комитеті жария етті. Қазақстанның геология саласының көрнекті өкілі Асқар Шаменов пен оның екі баласы жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«30 шілдеде Асқар Шаменов отбасымен жол апатына түсті. Асқар Амангелдіұлы, үлкен ұлы Әлішер мен қызы Әлима алған жарақаттарынан қайтыс болды. Жұбайы мен кіші ұлы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», делінген ведомство хабарламасында.

Министрліктің хабарлауынша, көргені мол, тәжірибелі маман болған Аскар Шаменов «Жер қойнауын барлау үздігі», «Құрметті жер қойнауын барлаушы», III дәрежелі «Еңбек даңкы», III дәрежелі  «Кенші даңқы», «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» секілді мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Белгілі геолог Асқар Амангелдіұлы Қазақстанның тау-кен саласында 20 жылдан астам еңбек еткен.