• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Тамыз, 2023

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам көз жұмды

182 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында Mercedes жүк көлігі мен ВМW автокөлігі соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«1 тамызда шамамен сағат 11:00-де Самара-Шымкент автожолының 765 шақырымында Mercedes жүк көлігі мен ВМW автокөлігі соқтығысты. Салдарынан BMW автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында жан тапсырып, бір жолаушы Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді», делінген хабарлмада. 

Сондай-ақ полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерінен жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.