• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Байқау 02 Тамыз, 2023

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

283 рет
көрсетілді

Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» отбасын қолдау орта­лығында «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауы өңірлік кезеңінің қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, байқау қорытындысында үздік атанған отбасыларды марапаттады.

«Бүгінгі бала – ертеңгі бо­ла­шағымыз. Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы орасан зор. Өңірде өнегелі отбасылар аз емес. Қа­зақ халқы қай кезде де үл­кен­ді қадірлеген. Ұлттық дәс­түрден тамырын үзбеген от­ба­сылардың әрбір ұлағатты ісі­не шын көңілмен қуанамыз. Елі­міз бойынша алтыншы рет ұйым­дастырылып отырған бұл байқаудың жамбылдықтар үшін маңызы зор екені мәлім. Өйткені үлгілі, мерейлі отбасы – қоғам айнасы», деді өңір басшысы марапаттау рәсі­мін­де сөйлеген сөзінде.

Байқау қорытындысына сәй­кес, өңірлік кезеңде қарсы­лас­тарынан оқ бойы озық бол­ған шулық Мадалиевтер отбасы бас жүлдеге лайық деп танылса, мойынқұмдық Иса­бековтер отбасына жүлделі бі­рінші орын бұйырды. Сон­дай-ақ жүлделі екінші орынды тараздық Сметовтер мен Өтеповтер отбасы өз­ара бө­ліссе, үздік үштікті жуа­лы­лық Сұрымбаевтар және талас­тық Иманбаевтар отбасы қоры­тындылады.

Марапаттау рәсімінің со­ңын­да сөз алған Мадалиевтер отбасының отанасы Шымшық Мадалиева өңірлік байқаудың ұрпақ тәрбиесінде­гі маңызына тоқталды. Ал өңірлік кезеңнің жеңімпаз­да­ры мен жүлдегерлері қомақты қар­жылай сыйлыққа ие болды.