Бокс 04 Тамыз, 2023

Абылайхан Жүсіповпен шаршы алаңға шығатын боксшы белгілі болды

788 рет
көрсетілді

26 тамызда АҚШ-тың Оклахома штатындағы Талса қаласында жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Абылайхан Жүсіповтің қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

BoxRec.com ақпаратынша Абылайхан Жүсіповпен жұдырықтасатын боксшы - 33 рет жекпе-жек өткізген 31 жасар никарагуалық Уистон Кампос. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.

Аталған бокс кешіндегі басты жекпе-жектердің бірінде қазақстандық Жан Кособуцкий нигериялық Эфе Аджагбамен жұдырықтасып, мықтысы анықталады.