• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 08 Тамыз, 2023

Доллар бағамы бәсеңдеді

326 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,56 теңгеге төмендеп, 445,88 теңге болғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Бұдан басқа Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 61,78 теңге (-0,04) болды.

Ұлттық банк еуро бағамын 487,28 теңге, рубльді 4,69 теңге деп белгіледі.

7 тамызда өткен кешкі сауда қорытындысы бойынша, еуроның теңгеге шаққандағы бағамы 4,70 теңгеге өсіп, 490,34 деңгейінде тоқтады.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 445,5-448,1 теңге, еуро – 489-493 теңге, ресей рублі – 4,63-4,85 теңге аралығында саудаланып жатыр. 

Сейсенбіде мұнай бағасы да төмендегенін айта кету керек. Мәселен, Brent маркалы мұнайдың қазандағы фьючерстері барреліне 84,11 доллар (-1,44%), WTI маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері барреліне 80,83 доллар (-1,36%) болды.