• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Тамыз, 2023

Алматыда қоғамдық көлікпен жол жүру ақысы қымбаттайды

216 рет
көрсетілді

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы «Қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған тарифті саралау туралы»қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаулыға сәйкес, қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі төлем тәсіліне байланысты мынандай мөлшерде болады:   ұялы байланыс операторының қызметтері немесе көлік картасы не болмаса жол жүруге арналған мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде – 100 теңге; қолма-қол төлеу кезінде – 200 теңге. Қаулы 10 тамызда жарияланды, 21 тамызда қолданысқа енгізіледі.