Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпорациясының кеншілері еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп отыр. Компаниялар тобының өкілдері тиісті келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Корпорация өкілдері ақпаратты растап, оқиғаның анық-қанығы жайлы ресми дерек ұсынды.
Айта кетсек, шахтадағы жұмыс уақытша тоқтатылған.
«2023 жылдың 14 тамызында түнгі ауысымға түскен Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасының кеншілері мен мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері жұмыстың тоқтатылғанын хабарлады. Оқиға орнына «Қазақмыс» басшылығы, прокуратура, жергілікті атқарушы билік өкілдері аттанды. Қазіргі уақытта корпорация басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін шахтерлердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Аймақтық жедел штаб құрылды», делінген хабарламада.