• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Президент 15 Тамыз, 2023

Президент Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

213 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай елдің Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдап, ізгі тілектерін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қазақстан мен Үндістанды ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестік қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, екі елдің мүддесі үшін көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты. Мемлекет басшысы Нарендра Модидің барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.