• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Білім 15 Тамыз, 2023

Жаңа оқу жылы ұзартыла ма? Министр жауап берді

3239 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзақтығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының ұзақтығы төңірегінде туындаған мәселе әлі шешілмегенін айтты.

«Мұндай маңызды шешімдер оқушылардың мүддесі үшін қабылдануы керек. Біз барлық сарапшының пікіріне құлақ асуымыз керек. Сондықтан мен түрлі сараптамалық пікір білдіретін адамдармен кездесу өткізіп жатырмын. Осы аптада барлық сарапшы жиналып, бір шешімге келуі керек», деп түсіндірді Ғани Бейсембаев.

Еске сала кетсек, 2022 жылы Қазақстанда оқу жылы екі аптаға ұзартылды. Бұл өзгеріс қоғамда қызу пікірталас тудырған еді. Ал қоғам қайраткерлері оқу жылының ұзартылуын сынға алды.