• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Айтыс 17 Тамыз, 2023

Айымның айы оңынан туды

331 рет
көрсетілді

Жамбыл ауданының 95 жылдығы мен Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековтің 85 жылдығына орай жастар арасында «Ақындар адалдықты жырлайды» тақырыбында облыстық айтыс ұйымдастырылды. Жастардың жыр додасына 12 ақын қатысты. Олардың басым көпшілігі – республикалық деңгейде топқа түсіп жүргендер.

Елдік пен бірлік жырға арқау болған додада өңірдің үкілі үміті саналатын талантты жастар әдемі шу­мақтарымен дараланып, салмақты сөз, пайымды ой айтқаны көңілге қонды. Уақытында оқушылар ара­сын­дағы айтыстарда жұлдызы жарқы­раған жас ақындардың деңгейі өскенін анық аңғардық.

Жыр додасының қорытындысында шулық Айым Көшербай қатарласта­рына қарағанда оқ бойы озық өнер көрсетіп, бірінші орынға ие болса, жуалылық Дидар Апбасов екінші орынға лайық деп танылды. Ал байзақтық Ернұр Бейсенов, таластық Айсұлу Жүнісбек, тараздық Медеу Мырзатай, жамбылдық Елік Нұрмағамбетов үздік үштікті қорытындылады. Қалған алты ақынға арнайы жүлде табысталды.

Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы және Жамбыл ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған облыстық айтыс­та жас таланттардың талпынысы зор екеніне көз жеткіздік. «Жалпы алғанда Жамбыл жері ән мен жырдың елі ғой. Басқарма тарапынан атамұра өнерге аңсары ауған жастарға жан-жақты қолдау көрсетуге қашан да дайынбыз. Өйткені өңір жастары – біздің мақтанышымыз», дейді облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар.

 

Жамбыл облысы