• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Тағайындау 19 Тамыз, 2023

«Elorda Eco System» мекемесінің басшысы тағайындалды

209 рет
көрсетілді

Бұрынғы мәслихат депутаты Нұрлан Көпешов «Elorda Eco System» ұйымының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол 2006-2008 жылдары Қостанай заң академиясында «Құқықтану» мамандығы бойынша оқыған. 2010 жылы қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2013 жылы «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдады. 2019 жылы «Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты игеру» мамандығы бойынша білім алды.

Еңбек жолын 2010 жылы «Медикер» ЖШС-де заңгер болып бастаған. «Жолаушы-Авто» ЖШС атқарушы директоры, «Қазақ гуманитарлық-заң университеті» АҚ коммерциялық директоры, «Ақ-Бата» ЖШС бас директоры, «Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, «АЭСК» ЖШС директорының энергиямен жабдықтау жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.

2019 жылғы қыркүйектен бастап 2022 жылғы маусымға дейін «Астана-Энергия» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2020 жылғы қарашадан бастап Астана қаласы таеквондо қалалық федерациясының (WT) президенті, 2022 жылғы 15 маусымнан бастап «Астана-энергия» АҚ басқарма төрағасы, AMANAT партиясының мүшесі.

Нұрлан Көпешов 2021 жылғы 14 қаңтарда жетінші шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының депутаты болды. Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.

Еске салайық, тамыз айының басында Елорданы су басты. Қала әкімдігі хабарлағандай, кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан кейбір учаскелерді су басуға жол берілгені үшін «Elorda eco system» директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылған болатын.