Польша мемлекетінде астрономия және астрофизика (IOAA) бойынша 16-шы халықаралық олимпиада аяқталып, оған қатысқан қазақстандық оқушылар екі медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
IOAA-ның негізгі мақсаты - астрономия мен астрофизиканының танымалдылығын арттыру. Әлемнің 50 елінен 250-ден астам мектеп оқушылары қатысқан аталмыш халықаралық додада Алматы қаласындағы НЗМ оқушылары: Ахмаджон Табаров күміс медальге қол жеткізді, ал Елубай Бекасыл қола медаль иеленді.
Жыл сайын әлемнің жоғары сынып оқушылары арасында өткізілетін астрономия және астрофизика бойынша халықаралық олимпиадада оқушылар теориялық тапсырмаларды орындап, деректерді талдап, бақылаулар жүргізді. Аталған олимпиадаға Қазақстан құрамасы 2012 жылдан бері қатысып келеді.