Видеомониторинг жүйесін кеңейту жобасы бойынша Алматыдағы Наурызбай ауданында азаматтар көп жиналатын жерлерде жыл соңына дейін 900 жаңа видеокамера орнатылады. Бұл туралы Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ерболат Досаевтың айтуынша, Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 900 жаңа видеокамера орнатылады. Оның ішінде аулаларда – 565, қиылыстарда – 295, саябақтар мен скверлерде – 40 камера.
Қала әкімі атап өткендей, бұл қала тұрғындарының қауіпсіздігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.