Бокс 27 Тамыз, 2023

Абылайхан Жүсіпов никарагуалық боксшыны нокаутқа жіберді

1231 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Талса қаласында никарагуалық Уистон Кампоспен шеберлік байқасқан қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов кезекті жеңіске қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Жартылай орта салмақта өткен бұл жекпе-жек сегіз раундқа есептелген. Алайда бесінші раундта Қазақстан боксшысы қарсыласын нокаутқа жіберіп, үздік атанды.

Айтулы жетістік Абылайхан Жүсіповтің кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісі екенін айта кету керек.