• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Тамыз, 2023

Жібек жолындағы жәрмеңке

300 рет
көрсетілді

Отырарда «Ұлы Жібек жолы бойындағы тоқыма және зергерлік өнер» атты халықаралық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті. Мәдениет және спорт министрлігі мен «Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы» қорының қолдауымен, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеде Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірінен келген 50-ден астам тоқыма және зергерлік өнердің хас шеберінің қолөнер бұйымдары қойылды.

Жәрмеңкенің ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұ­ра­сы қорының өкілі Тал­ғат Мұханов және Оты­рар ауданының әкімі Сә­кен Сұлтанханов ұйымдас­тырушыларға ыстық ықы­ласын білдіре отырып, қа­тысушыларға сәттілік тіледі. Ал қазылар алқасы ше­бер­лердің өнерін жіті бақы­лап, үздік деп танылған қа­ты­сушыларды анықтады. Сөй­тіп, қазылар алқасы­ның ше­шімімен бас жүлде­ге Жен­нет Гарлиева мен (Түр­ік­мен­стан), Абдулла Нау­рыз­баев (Шымкент қа­ласы) ла­йық деп танылды. Салих Гир­гич (Түркия) пен Айжан Аб­дубайтова (Алматы) жүлделі I орынды, Болат Атыраубаев (Ақтөбе облысы) пен Бибажар Симова (Шымкент қаласы), Нұр­жамал Айдос (Алматы қаласы) және Икрамжан Рафиков (Шымкент қаласы) жүлделі II орынды, Сұлтан Тілек (Алматы облысы), Ма­дина Ахметова (Шым­кент қаласы), Мереке Айдарша (Түркістан облысы) мен Әбдірейм Сұлтанғали (Түр­кістан облысы) жүлделі III орынды иеленді. Ал үздік деп танылған Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облы­сынан және Өзбекстан, Қырғызстаннан келген қа­ты­сушыларға «Тұран зерге­рі» аталымы, же­ңімпаздарға сертификат­тар мен ынталандыру сый­лықтары табыс­талды.

Шара соңы концерттік бағ­дарламаға ұласты. Сон­дай-ақ қонақтар мен қаты­сушыларға тарихи-мәдени орындарға экскурсия ұйым­дастырылды.

 

Түркістан облысы