• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Қыркүйек, 2023

Қатарынан екі жеңіс

187 рет
көрсетілді

Тайландтың Накхонратчасима қала­сында волейболдан әйелдер ара­сындағы ХХІІ Азия чемпионатының екінші жарыс күні артта қалды.

Кеше D тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы 2-турда Гонконгты сенімді жеңіп (3-0), өз орнын нықтай түсті. Матч 25-16, 25-23, 25-17 есебімен аяқталды. Бұрнағы күні волейболшыларымыз Филиппин құрамасынан тай-брейкте басым түскен еді.

Бүгін отандастарымызды Қытай құра­масымен топтағы шешуші ойын күтіп тұр. Жеңімпаз бен жүлдегерлер 6 қыркүйекте анықталады, деп хабарлады МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.