• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Хоккей 04 Қыркүйек, 2023

Жаңа маусымды сәтсіз бастады

168 рет
көрсетілді

«Барыс» үшін Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымы сәт­сіз басталды. Елордалық клуб «Сала­ват Юлаевқа» (Уфа) жол берді.

Кездесу Астанада өтіп, қонақтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Уфалықтар сапында Александр Хмелевский (13-минут), Владислав Ефремов (25-ші) және Алек­сандр А.Шаров (46-шы) көзге түсті. Ал барыстықтардан Темірлан Гайтамиров (51-ші) және Понтус Оберг (56-шы) қақпаны дәл көздеді.

Ойын соңында барыстықтар бірнеше шабуылдағанымен «Салават Юлаев» керемет қорғана білді.

Келесі ойынды елордалық ұжым 4 қыр­күйекте «Барыс-арена» мұзайдынында «Сібірді» қабылдайды.